Қазақстан мен Италия қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Тараптардың қылмыстық істер бойынша сұрау салудағы бір-біріне құқықтық көмек көрсетуді міндеттейтін осы құжатқа Астана қаласында қол қойылған болатын.

Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркельдің айтуынша, келісімге сәйкес, тараптар адамның тұрған жерін айқындауда және жеке басын анықтауда, қылмыстық талқылауға жататын құжаттар мен материалдарды табыс етуде, сұрау салушы тараптың құзыретті орган алдында өз еркімен келуі үшін куәгерлерді, жәбірленушілерді және сарапшыларды шақыруда көмектер көрсетеді. Бұдан бөлек, адамдардан жауап алып, олардан өтініш қабылдауда да екі ел бір-біріне құқықтық көмек көрсетулері тиіс.

«Шарт талаптары кейбір жағдайда қолданылмайды, мәселен, адамдарды қамауға алу шешімдерін және адамның жеке бас бостандығын шектейтін басқа да шараларды орындауға, адамдарды ұстап беруге, шарттың активтерді тәркілеуге қатысты ережелерін қоспағанда, сот шешімдерін орындауға, жазасын өтеп жатқан адамдарды беруге және қылмыстық істі талқылауға беруге қатысты қолданылмайды», - деп атап өтті Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар