Қазақстан мен Италия Каспийдегі кен орнын бірлесіп игеруге келісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы Абай мұнай-газ блогында енді қазақстандық және италиялық компаниялар бірлесіп барлау жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Caspian News басылымының жазуынша, осы аптада Италия мен Қазақстан өкілдері бірнеше жобаларды инвестициялау туралы келісімдерге қол қойған.

«ҚазМұнайГаз» және Италияның энергетикалық алыбы саналатын «Eni» компанисының құзырлы компаниясы - «Eni Isatay» келісім жасап, Энергетика министрлігінің құптауын күтуде. Келісім бойынша барлау жұмыстары Қазақстанның тиісті заңдарына сәйкес жүргізілетін болады», - деп жазады басылым.

Автордың атап өтуінше, Абай мұнай кен орны 8-10 метр тереңдікте орналасқан. Онда 337 миллион тонна қор бар деп болжануда.

«Eni» компаниясы 1992 жылдан бері Қазақстанға 15 миллиард доллар инвестиция салды», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар