Қазақстан мен Испания туризм саласын бірлесіп дамыта алады - Ә.Исекешев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Испания туризм саласын бірлесіп дамыта алады. Бұл туралы бүгін Испания-Қазақстан бизнес форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Испания - Қазақстанның Еуропадағы басты экономикалық серіктестерінің бірі. Біздің серіктестігіміз өте жақсы даму нәтижесін көрсетіп отыр. Испаниялық компаниялармен ынтымақтастығымызда да зор тәжірибеміз бар. Сіздердің басым көпшіліктеріңіз Қазақстанда жұмыс істедіңіздер әрі біздің елімізді жеткілікті деңгейде білесіздер. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда испандық капиталдың қатысумен 47 компания жұмыс істейді. Оң мысалдар өте көп», - деді ол.

Осы ретте министр Қазақстан мен Испания инженерия, туризм, тамақ өнеркәсібі, жаңаратын энергия көздері, мемлекеттік жеке-серіктестік сынды жаңа бағыттарда ынтымақтастықты жолға қоюға әлеуетті екендігін баса айтты.

«Жалпы, инвесторлар біздерге ұлттық заңнамамызды әсіресе салық және экологиялық реттеу бөлігінде өзгертуге жәрдем береді. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді, сонымен бірге «ЭКСПО-қалашық» аумағында Халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастайды. Инвесторлар үшін біз ағылшын заңнамасы негізінде арнайы заңдар ұсынамыз. Сондай-ақ даулы мәселелерді қарау үшін халықаралық судьялар тартылады», - деді Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар