Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2,3 млрд долларға жетті

None
None
МАДРИД. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Испанияның Өнеркәсіп, сауда және туризм министрі Рейес Маротомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрдің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мен оны одан әрі дамытудың қосымша мүмкіндіктерін талқылады. Өйткені бұл ынтымақтастықтың әлеуеті зор.

«Қазақстан үшін Испания – Еуропадағы шешуші елдердің бірі. Біздің қарым-қатынасымыз әріптестік және өзара пайдалы ынтымақтастық рухында дамуда. 2018 жылы өзара тауар айналымымыз 2 млрд долларды құрады. Өткен жылдың 11 айында ол 2,3 млрд долларға жетті және жыл қорытындысы бойыша 2,5 млрд доллар болады деп күтудеміз. Әзірге біздің экспортымыздың құрылымы шикізат бағытында. Алайда, біз соны әртараптандыруды көздеп отырмыз. Сөз орайы келгенде айта кетейін, бізде өңделген тауарлардың нақты тізбесі бар, біздің талдауымыз бойынша Испания нарығы оны қажет етеді және Қазақстан тарапы оны жеткізе алады. Тізбеге металлургия, тамақ және химия өнеркәсібі өнімдері кірді. Біз бұл тізбені жазда Үкіметаралық комиссияның отырысында және Мадридте өтетін Іскерлік кеңесте түбегейлі талқылаймыз», - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Министр Марото қазірдің өзінде оның ведомствосы испандық кәсіпорындарды Қазақстанда бар мүмкіндіктер туралы хабардар ететініне сендіріп отыр. Және біздің компаниялардың «жақсы бастамаларды ұсынатынына» сенімді.

«Жалпы алғанда, бүгінгі күні екі ел арасында сауда қатынастарын жаңартудың алғашқы қадамы басталды, ол екі тараптың да бизнесіне, мәмілелердің туындауына және экспорттың өсуіне өзара пайда әкеледі», - дейді Сауда және интеграция министрі.



Соңғы жаңалықтар