Қазақстан мен Испания арасындағы саяси консультация Мадридте жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Испания арасындағы саяси консультациялар Мадридте жалғасады. Бұл туралы Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Кристина Гайак айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, бүгін елордада Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасында саяси консультациялардың 6-раунды өтіп жатыр.

«Біз қарым-қатынастарымызды барынша дамытып, дұрыс жолға түсіре алдық. Осы ретте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрін Испанияға сапармен келуге шақырамын және жаз айында ол сапардың орын аларына үміттенемін. Сол кезде бүгінгі талқылауларымызды, екіжақты қарым-қатынастың өзге де мәселелерін талқыға салар едік», - деді ол саяси консультациялар аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында.

Сонымен қатар Қазақстанда испан инвестиция салынған көптеген кәсіпорын жұмыс істейтіндігін екіжақты сауда-саттық да жасқы дамығандығын атап өтті.

«Испания Қазақстанның сенімді сауда серіктестерінің бірі саналады және алдағы уақытта да осы қарым-қатынасымыздың өрістей түсетіндігіне сенім артамыз. Бұған қоса, бүгінгі консультациялар барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынасты да талқыға саламыз. Бұл орайда Қазақстанның ЕО-мен қарым-қатынасты тереңдету ұстанымына қолдау білдіреміз», - деді Кристина Гайак.


Соңғы жаңалықтар