Қазақстан мен Испания арасында тікелей әуе рейсі қашан ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күзге қарай Қазақстан мен Испания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігі арасындағы саяси консультациялардың 6-раунды аясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері Ерлан Әлімбаевтан екі ел арасында тікелей әуе рейсі қашан ашылатындығын сұраған еді.

«Бүгін бұл мәселе де талқыға түсті. Пандемияға дейін мұндай уағдаластық болған және меморандумға қол қойылған еді. Қазір әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің мәтінін келісу жайы қозғалып жатыр. Дегенмен, уағдаластықта аптасына жеті тұрақты рейсті жолға қою көзделген еді. Бірақ, оған мына пандемия өз түзетуін енгізіп отыр. Бізде, сонымен қатар Испанияда эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына қарай, шамамен тамыз-қыркүйек айларында осы әуе рейстерін ашудың белсенді фазасына көшеміз деп үміттенемін», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар