Қазақстан мен Иран саяси және экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға ниетті (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 19 қарашасында ҚР Сыртқы істер министрлігінде Арнайы жұмыс тобының Каспий теңізінің құқықтық дәрежесі туралы Конвенцияны жасау бойынша 42-ші отырысының барысында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездесті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды.

Иран тарапы Қазақстанның ирандық ядролық бағдарламаның төңірегіндегі мәселенің реттелуінде құрылымдық рөлі үшін алғысын білдіріп, Астананың Сириядағы жағдайды қоса алғанда, өзге де аймақтық мәселелерді шешуге қатысуының маңыздылығын атап өтті.

ҚР СІМ-нің басшысы Иранға Қазақстанның 2017-2018 жж. кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасына қолдау көрсеткені, сондай-ақ Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға әзірлігі үшін ерекше алғысын білдірді. Бұдан басқа, И.Рахимпурдың Қазақстанға жасаған сапарының аясында қазақстандық-ирандық саяси кеңестер болып өтті. Ауғанстан, Сириядағы жағдайлар, ирандық ядролық бағдарлама бойынша бәрін тегіс қамтитын келісімді іске асыру, Каспий мәселенамасы және өзде де мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті.

Тараптар транзиттік-көліктік, ауылшаруашылық, энергетикалық және банк салаларында одан әрі өзара ықпалдасудың қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар