Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы өспек – заң қабылданды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында «2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хаттаманың мақсаты - уақытша Келісімнің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 27 қазанға дейін ұзарту және тараптар арасындағы преференциялық сауда режимінің алшақтығына жол бермеу.

«Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Иран арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуды көздейді. Қабылданған заң Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымының ұлғаюына оң әсер тигізеді деп сенеміз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, бұл құжат бірқатар тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту арқылы елдер арасындағы тауарлар саудасын ырықтандыруға және оңайлатуға бағытталған.

Сонымен қатар еркін сауда аймағын қалыптастыру үшін негіз құруға бағытталған, оның аясында халықаралық қағидаларға, стандарттарға және практикаларға сәйкес Тараптар арасындағы саудаға қатысты баждар мен сауданы реттеудегі өзге де шектеу шаралары жойылатын болады.

Келісім мемлекеттер арасындағы экономикалық және сауда-саттықтағы өзара іс-қимылды қолдауға, неғұрлым тығыз ынтымақтастықты дамытуға арналған.


Соңғы жаңалықтар