Қазақстан мен Иорданияның үкіметаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Елші Айдарбек Тұматов Иорданияның Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрі, Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы Маха әл-Әлимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Орын алған сұхбат барысында жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ҮАК қазақстандық бөлігінің тең төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың құттықтауы табысталып, аталмыш хатта үкіметаралық ынтымақтастықты барлық негізгі бағыттар бойынша одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдірілді.

Өз кезегінде, М.әл-Әли екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін бар әлеуетті ашуға, соның ішінде тауар айналымын ұлғайту мен екі елдің өзара әрекеттесу формаларын әртараптандыру үшін жағдай жасауға мүдделілік танытты.


Осы ретте, үстіміздегі жылдың ортасында Амманда үкіметаралық комиссияның кезекті 5-ші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Иордания бизнес форумын өткізуге қатысты мәселелер талқыланды.


Соңғы жаңалықтар