Қазақстан мен Иордания арасындағы құқықтық көмек туралы келісім ратификацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар