+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қазақстан мен Хорватия өкілдері Загребте консультациялар өткізді

2021 жылғы 15 сәуір 07:20
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Хорватия өкілдері Загребте консультациялар өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Загребте Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры Тимур Сұлтанғожин бастаған отандық делегацияның қатысуымен Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси консультациялар өтті.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Франция 2030 жылға дейінгі ынтымақтастық жол картасына қол қойды Берлин еуразиялық клубының отырысында Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту мәселесі қаралды Украина жерінде қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, келіссөздерге Хорватия Сыртқы және еуропалық істер министрінің орынбасары Петар Михатов қатысты.

Қабылдаушы тарапқа сондай-ақ сыртқы саяси ведомстводағы Еуразия және Океания департаментінің директоры Дунья Сичая, аумақтық және экономикалық ынтымақтастық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері өкілдік етті.

Консультациялар барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың қазіргі ахуалы мен келешегі, екі елдің көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Хорват тарапы тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Қазақстан қол жеткізген негізгі табыстары мен саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды дәйекті ілгерілету жөніндегі мемлекет басшылығының шаралары туралы хабардар етілді.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың серпінді, үдемелі дамуын, сондай-ақ 2020 жылдың қорытындысы бойынша 330 млн АҚШ долларынан асқан өзара сауда айналымының өсуін, алғашқы отырысы ағымдағы жылдың мамыр айында жоспарланған Қазақстан мен Хорватия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметін іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының парламенттік, ведомстволық, өңіраралық, іскерлік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға белсенді ықпалдасуы туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттар қол қоюға әзірленіп, өзара құқықтық көмек және денсаулық сақтау мәселелері бойынша бірлескен іс-қимыл туралы келісімдердің жобалары пысықталуда.

Көпжақты күн тәртібі бойынша пікір алмасу барысында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардағы әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері атап өтілді.

Қазақстан тарапы Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы қызметінің шеңберінде есірткі трафигіне қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.

Келіссөздің қорытындысымен Қазақстан мен Хорватия сыртқы саяси ведомстволары арасында 2021–2023 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары әзірленіп, олардың ортақ қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша қарқынды диалогты дамытуға мүдделілігі расталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT