Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы наурыздан бастап Қазақстан мен Хорватия арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Хорватия Елшісі Рефик Шабанович айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін елдеріміз арасындағы бірінші үкіметаралық комиссияның отырысын өткізуге тырысамыз. Сондай-ақ осы жылдың наурызынан қазақстандықтардың елімізге сапарлауы үшін виза бере бастаймыз және чартерлік рейстер ашылады деп үміттенеміз», - деді Рефик Шабанович.

Айта кетейік, Ақордада шетел Елшілерінен сенім грамотасын қабылдаған Қр Президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары Хорватия Республикасымен байланыстар айтарлықтай нығая түскендігін айтқан еді.

«Ағымдағы жылы алғаш рет Астанада Хорватия Елшілігі алып отыр. Енді мемлекетаралық комиссия сауда, экономикалық және саяси өзара қарым-қатынастарымызды көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар