Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы қарызға қатысты келісім мақұлданды

None
None
ырдың 24-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Оңтүстік -Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы:

 «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі (ОАӨЭЫ-1b  және 6 b)) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың айтуынша, заң жобасының талаптарына сәйкес Халықаралық Даму банкі 2 млрд. 125 млн. АҚШ доллары көлемінде қарыз ұсынып отыр. Бұл осы банктен алынатын Қазақстан тарихындағы ең үлкен қарыз. Оған қатысты келісімге биылғы жылдың маусым айының 13-інде қол қойылған. Аталмыш қаражат Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары арқылы өтетін жолды және Ақтөбе облысының шекарасымен Қызылорда, Шымкент учаскесін қайта жаңарту жұмыстарына жұмсалады. 425 шақырым жол бірінші техникалық санаттағы 4 жолақты қозғалыспен және 587 шақырым жол екінші техникалық санаттағы 2 жолақты қозғалыспен қайта жаңартылады. Тек осы қаражат есебінен 21 мердігерлік компания келесі жылы толық құрылыс жұмыстарын жүргізе бастайды. Бүгінгі таңда министрлік банк талаптарына сәйкес таңдау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ 14 мердігерлік компаниямен келісім-шарт ағымдағы жылдың тамыз айында жасалып, қазан айында дайындық жұмыстарына кіріседі», деді министр.

Соңғы жаңалықтар