Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 67% артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірігіп қазақстандық делегацияның Тбилиси қаласындағы экономикалық миссиясы аясында бизнес-форум ұйымдастырады, деп хабаралйды ҚазАқпарат.

Шара 2018 жылғы 24 қыркүйек күні 09:30-да «Radisson Blu» қонақүйінде өтеді. Қолдау көрсетуші - Грузия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі. Форумның негізгі мақсаты - қазақстандық кәсіпорындар мен потенциалды грузиялық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынасын іске қосу.

Қазақстандық делегацияның құрамында тау-кен, құрылыс және машина жасау салаларындағы ірі компаниялар бар.

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстанның Сыртқы палатасы мен Грузияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Меморандумға қол қою жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстан Грузияға мұнай өнімдерін, азот тыңайтқышын, макарон өнімдерін, темірден жазық прокат, темекі, тоңазытылған балық, дәрі-дәрмек экспорттайды. Грузиядан Қазақстанға импортталатын тауарларға шарап, алкольсіз сусындар мен сулар, спирттік тұндырма, металл құбырлар, вакциналар, сүт пен қойылтылған кілегей жатады.

2017 жылы өзара сауданың өсу қарқыны ұлғая түскен. Осылайша, 2018 жылғы қаңтар мен шілде айларының аралығындағы нәтижелерге сәйкес, Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2016 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 67% өсіп, 77 млн теңгені құрады.

null 

Соңғы жаңалықтар