Қазақстан мен Грузия арасында тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грузияға тұрақты әуе рейстері қайтадан ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

16 наурыздан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы – Тбилиси – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейспен қайтадан ұша бастайды.

Екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы шешім 1 наурыздан бастап күшіне енген Грузияның мемлекеттік шекарасынан Қазақстан азаматтарының өтуіне қойылған шектеулерді алып тастағаннан кейін қабылданды.

Рейстер А320/321 әуе кемесімен аптаның сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.


Соңғы жаңалықтар