+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамытуға ниетті

2021 жылғы 24 ақпан 18:11
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамытуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр және герман компанияларының басшылары онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Кездесу барысында барысында «жасыл экономиканы» дамыту, шикізатты декарбонизациялау, қайта өңдеу және сутегі экономикасы саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Кездесуге Siemens Energy, Linde, Deutsche Bahn, REMONDIS, Deutsche Bank, Bayer, SAP, Goldbeck Solar және басқа да 80-нен астам жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Герман экономикасы Шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс сөз сөйлеп, екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтті.


Онлайн-кездесу барысында Германияның жетекші компанияларының басшылары «жасыл экономиканы» дамыту перспективаларына, екіжақты ынтымақтастық әлеуетіне және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында «сұрақ-жауап» форматында пікірталас өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT