Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд еуродан асатын 80-ге жуық бірлескен жоба бар - Вице-министр А.Рау

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд. еуродан асатын 80-ге жуық бірлескен жоба бар. Бүгін Астанада өтіп жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының 7-ші отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті.

«Осы жобалардың 700 млн. доллар соманы құрайтын 12-сі жүзеге асырылған болса, 1,7 млрд доллар болатын 15 жоба белсенді жүзеге асырылу сатысында, қалғандары дайындық кезеңінде тұр», - деді А. Рау. Оның айтуынша, жобаларды жүзеге асыруға Германия кәсіпкерлеріне кредиттік ресурс ретінде қазақстандық банктер ұсынылып та жатыр. Бұдан бөлек, перспективалық жобаның табысты мысалы ретінде вице - министр А. Рау «Funke - Kunststoffe» неміс компаниясын атады. Осы компания өндірісті Қазақстанға көшірген. Кәсіпорын Қазақстанның терезе бейініндегі сұранысты толығымен қамтуға, және де оларды Ресейге экспорттауға мүмкіндік беріп отыр.

«Енді мұндай терезе профильдері Астанада жылына 1 млн шаршы метрден астам көлеммен өндірілетін болады. Бұл тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған барлық тұрғын үйді қамтиды», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар