Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қазақстан мен Франция ғарыш саласында ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр

2018 жылғы 22 қазан 20:50 172
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Франция ғарыш саласында ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов француздық «Airbus Defence and Space» («Airbus D&S») компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұқсас жаңалықтар
Әскери қызметші дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды Танк және инженерлік-саперлік рота командирлері біліктіліктерін арттыруда

Кездесуге француз тарапынан «Airbus D&S» Бас хатшысы - Хьюг Лапорт-Вейвада, «Airbus D&S» ғарыш бөлімшесінің бірлескен кәсіпорындарымен жұмыс жөніндегі директоры - Жан - Ив Элорэ, ЖҚЗ спутниктерін сатушы менеджер - Ги Лимузан, Ресейдегі «Airbus D&S» басшысы - Владимир Терехов, ТОО «Airbus Kazakhstan» бас директоры - Блащишин Роман қатысты.

Келіссөз барысында тараптар ғарыш аппараттарының Құрастыру-сынау кешенін жүктеу және Жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын жеткізді, түрлі мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру жөніндегі жобаларды, сондай-ақ бірлескен жобалармен сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастырды.

Еске салайық, Airbus Defence and Space француз компаниясы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ стратегиялық серіктесі болып саналады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT