+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қазақстан мен Франция отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықты талқылады

2021 жылғы 14 мамыр 11:01
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Франция отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастықты талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан және Франция отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда израильдік медициналық зертхана іске қосылады Қазақстан мен Польшаның заң шығарушылары парламентаралық диалогты жандандырады Қытайдың СІМ басшысы ҚР Президентінің биологиялық қауіпсіздік бойынша бастамасын қолдады

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Еуропа және Француз Республикасының Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселесі бойынша министр - делегат Франк Риестермен, сондай-ақ MEDEF International Франция кәсіпорны қозғалысының өкілі Ив-Луи Даррикарермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы бірлескен ауқымды жобалардың іске асырылуын талқылап, жаңартылатын энергия көздері, мұнайды өндіру және инвестициялар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды.

ҚР Энергетика министрі Қазақстанда ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырып отырған «Total», «Orano», «Air Liquide» және т.б. ірі француз компанияларының тиімді қызметін атап өтті.

Бұдан басқа, MEDEF International француз-қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасының басшылығымен «Total», «Orano», «Alstom», «Air Liquide», «Idemia», «Lazard Freres», «EDF» француз компанияларының өкілдері атом энергетикасы, АМӨЗ және ПМӨЗ үшін сутегі және азот өнеркәсіптік газдарын өндіру және энергетика мен гидроресурстар саласындағы инженерлік қызметтерге қатысты бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін көтерді.

Қазақстандағы «Тоталь» компаниясының бас директоры Алем Фрига-Ной және «Total EREN» компаниясының Орталық Азия жөніндегі вице-президенті Тьерри Плэзан «Тоталь» компаниясының Қазақстанмен көпжылдық ынтымақтастығының, атап айтқанда компанияның NCOC консорциумында қатысуы арқылы оң қорытындылары туралы айтты, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жаңа жобаны іске асыру бойынша жоспарды қозғады.

2018 жылдан бастап «Total EREN» компаниясы күн энергетикасы саласындағы екі жобаны: Қызылорда облысындағы «Номад» (28 МВт) жобасын және Жамбыл облысындағы М-КАТ (100 МВт) жобасын сәтті іске асырды.

Кездесудің соңында тараптар отын-энергетика кешені саласындағы Қазақстан және Франция арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT