Қазақстан мен Франция білім саласындағы келісімдерге қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың келіссөздерінен кейін білім саласында құжаттар бекітілді.

Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Француз Ұлттық білім, жоғары білім және ғылым министрлігі арасында университеттің ынтымақтастық, ғылым және кәсіптік білім саласындағы келісімі бекітілді.

Сонымен екі елдің аталған ведомстволары арасында дипломдарды, университеттік дәрежелерді және оқыту кезеңдерін өзара тану туралы келісімге қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар