Қазақстан мен Финляндия экология саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағаларының кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы аясындағы Қазақстан Республикасы мен Финляндияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ тең төрағалар табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ядролық энергетика саласында қол жеткізілген прогресті, Nurminen Logistics Services компаниясымен контейнерлік жүктерді тасымалдауда табысты ынтымақтастықты атап өтті.

Жүздесу кезінде Мағзұм Мырзағалиев финдік министр Вилле Скиннаримеге екі елдің дамуы үшін ерекше әлеуеті бар орман шаруашылығы, қалдықтарды кәдеге жарату, балық шаруашылығы, құрылыс және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды.

Сонымен қатар, Экология министрлігінің басшысы «Қазақтелеком» АҚ-ның «Nokia» компаниясымен 5G технологияларын енгізу саласындағы жолға қойылған ынтымақтастығын оң бағалай келе, фин компанияларын одан әрі белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ экология, орман және балық шаруашылығы, қалдықтармен жұмыс істеу, су ресурстарын басқару саласындағы іскерлік байланысты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, KaukoInternational Oy Ltd компаниясы және Qazaq-Фин технологиялық орталығы (QFTC) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Соңғы жаңалықтар