+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 3,4 есеге артты

2021 жылғы 13 мамыр 20:37
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Финляндия арасындағы тауар айналымы 3,4 есеге артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Вилле Скиннаримен екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналған келіссөз өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесі баламалы энергетиканы дамыту мәселесін қарады Ақмола облысында өңдеуші өнеркәсіпке салынатын инвестиция деңгейі қандай CҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды

Кездесу шарасына Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанна Сартбаева қатысты.

Қазақстан мен Финляндия арасында әріптестік өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың тиімді тетігі жолға қойылған. Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеуде.

«Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-наурызда 111,2 млн долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. Қазақстаннан Финляндияға экспорт 2021 жылдың бірінші тоқсанында 80,8 есеге өсіп, 86,4 млн долларды құрады», - деді қазақстандық министр.

«Сонымен қатар, Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастарының нығаю перспективасы бар. Өзара сауданың қолда бар құрылымын өзгерту үшін Қазақстанның сауда министрлігі мұнай-химия, тамақ, металлургия, машина жасау, химия салалары өнімдерінің 40 атауынан және құрылыс тауарларынан әлеуетті тауарлардың тізбесін қалыптастырды», - деді Сұлтанов.

Қазақстандық өндірушілердің артықшылықтары туралы айта отырып, Бақыт Сұлтанов елімізде 60-тан астам органикалық өнім өндірушілер туралы хабарлады. Олардың бір бөлігі қазіргі уақытта Еуропалық одақтың уәкілетті органдарында аккредиттеуден өтуде.

Әңгіме барысында ҚР СИМ басшысы Финляндияның жоғары технологиялар саласындағы жетістіктерімен танымал екенін және Қазақстан осы салада тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан аумағында 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Инвесторлар үшін жеңілдіктер бар, Үкімет инвесторлардың құқықтарын қолдауға және қорғауға кепілдік береді. Фин инвестицияларын тарту үшін «Қорғас« ШЫХО әлеуетін пайдалануды, сондай-ақ оны ҚХР нарығына көтерме-бөлшек экспорты алаңы ретінде пайдалануды ұсынғым келеді», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі.

Өз кезегінде Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі В.Скиннари Ресей Федерациясы мен ҚХР арасындағы қарым-қатынастар, сондай-ақ еуропалық қауымдастықпен ынтымақтастық аясында бизнес пен сауданы дамыту мәселелерін талқылауға келгенін атап өтті.

«Біз Финляндияның жетекші компанияларының өкілдерімен ынтымақтастықтың нақты нұсқаларын талқылау үшін келдік. Финляндияның жоғары технологияларын ескере отырып, ынтымақтастығымызды дамытып, серпіліс жасай аламыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, логистика, цифрландыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біз сауда серіктесі болуға және ЕО нарығында орын алуға Қазақстанды қолдауға дайынбыз», - деді В.Скиннари.

Осыған байланысты, бизнес-топтар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тұтынушыларды қазақстандық және фин өндірісінің өнімдерімен таныстыру үшін онлайн-форматта сауда миссияларын өткізуді қарастыру мүмкіндігін ұсынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT