Қазақстан мен ЕуроОдақтың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еуропа Одағындағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссар Я. Войцеховскиймен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Кездесу барысында тараптар соңғы жылы 23,7 млрд АҚШ долларын құраған Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы екі жақты тауар айналымының қарқынды өсуін, институттармен және ЕО-ға мүше елдермен өзара іс-қимылдың 29 перспективалық саласын қамтитын кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың маңыздылығын айтты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын талқылады.

Қазақстан елшісі Еуропалық комиссарды ұлттық экономиканы, ауыл шаруашылығын және елдің азық-түлік қауіпсіздігін дамытудың негізгі мақсаттары туралы, сондай-ақ Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысы туралы хабардар етті, бұл ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасайды. Сұхбаттасушылардың ерекше назары қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ЕО-ға экспорттау мәселелеріне арналды.

Өз кезегінде, еурокомиссар Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыты саналатын ауыл шаруашылығы саласындағы сындарлы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.


Авторы Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар