+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Қазақстан мен Еуроодақ жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын талқылады

2020 жылғы 23 қаңтар 17:34
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Еуроодақ жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен ЕО ауылды аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқару мен шешім қабылдауға азаматтардың қатысу жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР-дағы Еуроодақ Өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясын жүзеге асыру аясында 2017 жылдан бастап ҚР-дағы ЕО-ның қаржылық қолдауымен ауылды аймақтарда жергілікті өзін-өзі басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу және азаматтарды шешім қабылдауға қатыстыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда: жергілікті дәрежеде Шығыс және Орталық Қазақстан көбірек қызығушылық танытып жатыр. Жобалар Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында мақұлданды.

Нәтижесінде, үш жыл ішінде 23 пилоттық ауылдардың инклюзивті жоспары дайындалып, енгізілді, ауыл мәселесіне қатысты 80-ге жуық пікірталас ұйымдастырылды, 33 ауылдық кәсіпкерге жалпы соммасы 32 млн теңге қаржылық қолдау көрсетілді.

Жобаларды Еуропалық Одақ қаржыландырып, «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту ассоциациясы», Маңғыстау облыстық азаматтар альянсы, Жергілікті өзін-өзі басқару қоры, «Экоцентр» Қарағанды облыстық экологиялық орталығы мен Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы жүзеге асырды.

Жасалған жұмыстың маңызды екенін ҚР Ұлтық экономика вице-министрі Ермек Алпысов атап өтті.

«Аймақтарды дамыту өмір сапасын жақсартуға бағытталуы қажет. Біз осы тұрғыда үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында ауылдарды дамытуға қаражат бөлінеді. Дамытудың жаңа форматындағы жұмыстар жүріп жатыр, әр аймақ тұрғындарының өзекті мәселелері назарға алынады. Сонымен қатар, ҚР дамуының негізгі бағыттарының бірі – өзін-өзі басқаруды дамыту болып тұр», - деді Е.Алпысов.

Еуроодақ Өкілдігі серіктестік бөлімінің басшысы Йоханнес Стенбаек Мэдсен ЕО пен Қазақстан серіктестігінің болашағы жарқын болатынын атап өтті.

Кездесуге қатысқандар жергілікті өзін-өзі басқару, шешім қабылдауға тұрғындарды қатыстыру, бюджетті жоспарлау, ауыл әкімдерінің құзыреттілігін дамытуды талқылады.

Автор: Медет Ахметов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT