Қазақстан мен екі мемлекет шекарасының түйісу нүктесі туралы заң жобасы қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін палата спикері  Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, палатаның жалпы отырысында талқыланатын мәселелер қатары айқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, депутаттардың қарауына Қазақстан  мен  Қырғыз Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы заңының жобасы ұсынылды.

Сонымен қатар Мәжіліс Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдері арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялауға байланысты заң жобасын талқыға салады.

Шарт оңтүстік бағыттағы шекараны межелеуді аяқтау құжаты болып табылады. Онда үш елдің мемлекеттік шекараларының орналасқан жері және түйісу нүктесінің координаталары айқындалды.

Ал жалпы отырыста жұмысқа қабылданатын құжаттар қатарында ратификациялауға бағытталған заң жобалары бар. Олар Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы және ТМД қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық  көріністеріне   қарсы  күресті   жүзеге  асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімдер.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар