Қазақстан мен Эфиопияның дипломатиялық қатынас орнатқанына 10 жыл толады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйекте Эфиопия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқанына 10 жыл толады. Осыған орай «ҚазАқпарат» ХАА Оромо азаттық қозғалысы (OLM) партиясының қоғаммен байланыс жөніндегі жетекшісі, Геокеңістіктік ақпарат институтының аға ғылыми қызметкері Тессема Хундуманың «Қазақстан 30 жыл ішінде. Эфиопия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды кезеңі» атты мақаласын оқырман назарына ұсынады.

Биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Бұл Эфиопия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар үшін маңызды оқиға. 2021 жылдың қыркүйегінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына тура 10 жыл толады. Елімізді жақсы білетін және біздің екіжақты ынтымақтастығымызды дамытуға мүдделі Эфиопияның өкілі ретінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастық үшін үлгі болатын мынадай жетістіктерін атап өткім келеді.

Біріншіден, Қазақстанның шет елдермен қарым-қатынасын құру негізіне бейбіт сыртқы саясат алынды. Тәуелсіздіктің барлық жылдарында Қазақстанда бірде-бір шет елмен қақтығыстар болмағаны өте маңызды. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттарын қатаң сақтауға негізделген көпвекторлы және теңгерімді дамудың сыртқы саясаты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім формуласының біріне айналды. Қазақстанның халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі өзінің ауқымы мен мазмұнымен таң қалдырады.

Сонымен қатар, 1992 жылдан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Конференция (АӨСШК) құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Қазақстан өзінің сыртқы шекараларын барлық көрші елдермен заңды түрде ресімдеді, осылайша ықтимал шекаралық наразылықтар мәселесін түпкілікті жойды. Қазақстанды әлемдік қауымдастық қарусыздану және таратпау саласындағы көшбасшы ретінде таниды. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналдан бас тартты.

Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақты құруға өз үлесін қосты (Семей шарты) және биыл оның күшіне енгеніне 15 жыл толады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) қамқорлығымен төмен байытылған уран банкі ядролық энергияны таратпау және бейбіт мақсатта пайдалануды қолдау үшін Қазақстан аумағында құрылды.

Қазақстан ашық, бейбіт сыртқы саясатты ұстанады және БҰҰ, ДСҰ және басқа да халықаралық форумдардың белсенді мүшесі болып табылады. 2010 жылы елде мемлекет басшылары деңгейінде ЕҚЫҰ саммиті өтті, ал 2017-2018 жылдар ішінде Республика БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Эфиопия мен Қазақстан осы тамызда Халықаралық органында тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Екіншіден, Қазақстан басынан бастап елдегі этносаралық келісім саясатын тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етудің кілті ретінде айқындады. Естеріңізге сала кетейін, бұл ел көпұлтты, онда 130-дан астам этникалық топтар тұрады. Сондықтан 1992 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, онда елдің барлық этностық топтарының өкілдері кезекпен сайланады. Кейіннен бұл орган Конституциялық мәртебеге ие болды және оның депутаттары Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарына кіреді. Ассамблея Қазақстанға ұлтаралық келісімді сақтауға және ұлтаралық астары бар мәселелерді белсенді шешуге көмектеседі.

Үшіншіден, Қазақстан діни тұрғыдан сан алуан. Онда мұсылмандар, христиандар, еврейлер, буддистер және басқа конфессиялардың өкілдері тұрады. Олардың арасындағы диалог пен өзара түсіністікті сақтау үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан әрбір үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақырады. Осы мақсатта Қазақстан астанасында шыны пирамида түрінде Бейбітшілік және Келісім Сарайы салынды. Қазіргі уақытта осындай алты кездесу өткізілді, ал келесі жетінші конгресс 2022 жылы Нұр-Сұлтанда өтеді. Бұл форум қатысушылардың деңгейі жағынан да, халықаралық қоғамдастыққа ұсынылған ұсыныстардың нәтижелері жағынан да ерекше. Нәтижесінде Н.Назарбаевтың мұндай саясаты елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Төртіншіден, Қазақстан үлкен экономикалық нәтижелерге қол жеткізді және әлемдік қоғамдастық донор мемлекет мәртебесі бар табысы орташа ел деп танылды. Бұл Орталық Азия Республикасы теңізге шыға алмайтын ашық теңізден ең алыс ел болып табылады, сондықтан экономикалық даму мен саяси тұрақтылық басынан бастап мемлекеттің дамуындағы басымдық болып жарияланды. Мұнай-газ ресурстарына, металдарға және ауыл шаруашылығы алқаптарына бай Қазақстан экономикалық реформалардың арқасында ұлттық экономикаға 330 миллиард доллардан астам шетелдік инвестициялар тарта алды. Ол Дүниежүзілік Банктің 2019 жылғы бизнесті жүргізу туралы есебінде 25 - ші орынды иеленді. Қазақстан 2021 жылғы экономикалық еркіндік индексінде 180 елдің ішінде 34-орынды иеленді.

Тәуелсіз даму жылдарында Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа Астана салынды, ол экономикалық тартылыс орталығына айналды. Жақында Нұр-Сұлтанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Ол британдық құқық қағидаты бойынша қызмет етуде және цифрлық қаржы технологияларын белсенді дамытуда.

Соңғы жылдары Қазақстан өзінің мемлекеттік дамуында маңызды кезеңді бастан өткеріп отырғаны анық. 2019 жылы Ұлт көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті. Ал демократиялық сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа президент болып сайланды. Билікке келген Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық саясатын жариялап, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын бірінші орынға қойды. Тоқаев Назарбаевтың саяси реформаларын саяси жүйені демократияландыру, сайлау заңнамасы, елдің сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту бағытында жалғастырды.

Сонымен қатар, 2021 жылы Қазақстанда Парламент сайлауы, ал жақында Қазақстан өңірлеріндегі аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы сайлауы өтті. Осының бәрі Қазақстан қоғамының одан әрі тұрақты және жедел дамуын қамтамасыз етуге бағытталған осы республикадағы ауқымды демократиялық өзгерістерді айғақтайды.

Бүгінде Қазақстан - Эфиопияның Орталық Азия өңіріндегі маңызды саяси әріптесі. Қазақстан – Орталық Азиядан Эфиопияда өзінің дипломатиялық өкілдігі бар жалғыз ел. Біздің елдеріміз БҰҰ-да және басқа да халықаралық форумдар мен ұйымдарда өзара қолдау көрсетеді. Елдеріміз арасындағы екі жақты экономикалық және мәдени байланыстар тұрақты дамуда.

Бұрынғы Совет одағында оқыған жылдарымды еске алғаныма әрқашан қуаныштымын және Қазақстан осы одақтың бір бөлігі болды. Ол кезде Қазақстанда Эфиопиядан көптеген студенттер білім алған. Қазір олар Эфиопия үшін жұмыс істейді.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Қазақстан Үкіметі мен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, оларға білім беру, медицина және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастығымыздың одан әрі жемісті дамуы мен нығаюын тілеймін.


Соңғы жаңалықтар