Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы қаңтар-сәуір айларында $6,1 млрд болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан мен ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) елдері арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында 6 млрд 125,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1% артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Нақтылап айтқанда, есепті кезеңде Қазақстан ЕАЭО елдеріне 1 млрд 865,3 млн долларына тең тауар экспорттаған. Бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіштен 3,8%-ға аз. Есесіне импорт көлемі 1,9% артып, 4 млрд 260,5 млн долларға жеткен.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының басым бөлігі Ресей Федерациясының үлесіне тура келеді - 92,6%. Кейінгі орындарда Қырғыз Республикасы - 4,1%, Беларусь Республикасы- 3,2% және Армения Республикасы - 0,1% тұр.

Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар