Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өңірлік директор Лилия Бурунчук пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланып, сондай-ақ қазақстандық экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған «реформалар матрицасын» әзірлеуді аяқтау мәселелері қарастырылды.

Министр сұхбаттасушыларды коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды. Ол Дүниежүзілік банк басшылығына COVID-19-ға қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар