Қазақстан мен Чехия арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің өзгерістері қабылданды - Парламент

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы

Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Хаттамамен енгізілетін өзгерістер негізінен нақтылаушы сипатта болып табылады және Чехияның Еуропалық одаққа, ал Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты болып отыр. Бұл ретте, тараптардың әрқайсысы өзге тараптың міндеттемесін өздері мүше болып табылатын кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретініне келісім білдіреді.

Келісімнің 8-бабы инвесторларға инвестициялау жүзеге асырылатын мемлекеттің құзыретті соттарына өтініш жасау құқығын беретін нормамен толықтырылған.

Соңғы жаңалықтар