Қазақстан мен Бразилия атом энергиясы туралы шарт жасаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Бразилия атом энергиясы туралы шарт жасаспақ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі брифингте Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Қайрат Саржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында Елші ағымдағы жылы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы бразилиялық «Indústrias nucleares do Brasil» (INB) компаниясына табиғи уран концентратын жеткізу бойынша тендерде жеңіп шыққанын, келісім шартттарға сәйкес Қазатомөнеркәсіп белгіленген мерзімде уран жеткізіп бергенін айтты. https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-algash-ret-braziliyaga-uran-zhetkizdi_a3261840

«Қазақстанға сапарға шығар алдында INB президентімен кездестім. Біздің ұлттық компаниямен ынтымақтастық мүмкіншіліктерін жан-жақты талқыладық. Бразилиялық мамандар қазақстандық сарапшыларды Рио-де-Жанейродағы атом стансасына келуге шақырады және қазақстандық табиғи уран концентратын одан ары импорттауға мүдделік танытып отыр. Дегенмен, мұндай процедура Бразилия заңнамасына сәйкес тендер арқылы жүзеге асырылады. Олар тендердің жарияланатындығын немесе жарияланбайтындығын әзірше білмейді. Бірақ, ондай тендер жария етіле салысымен біз қажетті құжаттарды береміз»,- деді Елші.

Сонымен қатар, Қайрат Саржанов атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасы келісіліп жатқанын айтты. Жалпы, Бразилия  бүгінде ядролық технологияның толық цикліне ие болып отырған 10 елдің бірі саналады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында Қазақстан мен Бразилия арасындағы тауар айналымының көлемі 82,3 млн долларды құрады. Қазақстан Бразилиядан қант, табак, ұшақ, машина жабдықтары мен оның бөлшектерін, құрылыс материалдарын алады. Ал елімізден Бразилияға темір мен кремнийдің ферроқорытпасы, пластмасс бұйымдар, резеңке мен қара металл экспортталады.

Соңғы жаңалықтар