Қазақстан мен Беларусь дипломатиялық өкілдіктер орналасатын жер учаскелерін өзара беретін болады

None
None
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Аталған келісімнің мақсаты Қазақстан мен Беларусь арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту болып табылады. Келісім Беларусь тарапының Қазақстан тарапына оның дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Минск қаласындағы алаңы 0,86 гектар жер учаскесін өзаралық шарттармен 49 жыл мерзімге жалға беруін көздейді. Өз кезегінде Қазақстан тарапы Беларусь тарапына оның дипломатиялық өкілдігін орналастыру үшін Астана қаласындағы алаңы 0,86 га жер учаскесін өзаралық шарттармен 49 жыл мерзімге жалға береді. Келісім 2012 жылы 14 мамырда Минскіде жасалған.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар