Қазақстан мен Беларусь әскери техниканы жасауда ғылыми зерттеулер жүргізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы өнеркәсіптің қорғаныс салалары ұйымдарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы келісім екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Бірінші кезекте әскери-техникалық мақсаттарда жеткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер лицензиялаудан босатылады. Бұл олардың жеткізу мерзімін едәуір қысқартады», - деді ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Аманияз Ержанов.

Келісім аясында Қазақстан үшін бірқатар пайдалы қадамдар іске асырылмақ. Біріншіден, әскери мақсаттағы өнімдерді жетілдіруге жәрдемдесетін жиынтықтауыш материалдарды өзара жеткізу арқылы әскери өнімнің өндірісін арттыруға ықпал етеді. Екішіден, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындар өзара тәжірибе алмаса алады және осы салада өте пайдалы әрі тиімді тәжірибені қолдануына мүмікіндік туады.

Үшіншіден, қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрін жасау, сондай-ақ қолда бар техниканы жаңарту мақсатында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізе алады.

«Келісімді ратификациялау бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік салдарға әкеліп соқпайды», - деді А. Ержанов.

Белгілі болғандай, еліміз мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында Беларусьтен тікелей әскери техника сатып алып жатқан жоқ. Алайда броньды техниканы, авиациялық техниканы жөндеу шаралары ескерілген. Қазақстан өз кезегінде зеңбірек пен оған байланысты өнімдер жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар