Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 9,2% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь астанасында Қазақстан Республикасының іскер топтарының сауда-экономикалық миссиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан кәсіпкерлерінің делегациясын ҚР Сауда және интеграция министрі Қайрат Төребаев басқарды, делегация құрамына тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, электр техникалық жабдықтар, химия өнімдері саласындағы 15 ірі отандық өндірушілер енді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырған кезекті миссия мақсаты – жаңа тиімді байланыстарды ретке келтіру және тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыстарды реттеу.

«Жуырда өткен Беларусь әмбебап тауар биржасынындағы кездесу көтерме нарық қалыптастыруға және сауда-саттықты нығайтуға ықпал етеді. Тауар биржасының басшылығы қазақстандық делегация өкілдерін белсенді қатысуға және осы алаңды пайдалануға шақырды. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қазақстандық экспортшылардың санын 56-дан 400 дейін ұлғайтуды және екі ел арасындағы сауда-саттықты тең ұстауға мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті», - делінген ресми хабарламада.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, өткен жылы Беларусь пен Қазақстанның тауар айналымы 978,4 млн АҚШ долларын құрады және 2018 жылмен салыстырғанда 9,2% ұлғайды. Экспорт – 823,5 млн долларға немесе 5,1%, импорт – 154,9 млн долларға, яғни 38% ұлғайды.

Жиын барысында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастыққа арналған кездесулер өтті, және кәсіпкерлер үшін В2В кездесу аймағы жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар