+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстан мен Беларусь ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

2019 жылғы 15 қазан 10:27
Бөлісіңіз:
Қазақстан мен Беларусь ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәжірибелерімен бөлісті

МИНСК. ҚазАқпарат - Минск қаласында Қазақстан және Беларусь қауіпсіздік кеңестері аппараттарының арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақордада Қазақстан мен Беларусь ведомстволары бірқатар құжатқа қол қойды Қазақстан мен Беларусь сауда саласында ұзақмерзімді жоспарды қабылдайды – Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Беларусь қатынастары стратегиялық мүдделерге толық сай келеді - Александр Лукашенко

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қалмұханбет Қасымов және Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Зась төрағалық еткен келіссөздер барысында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар әлем және өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі ахуалы бойынша пікірлерін білдірді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бүгінгі қауіп-қатерлер жан-жақты қозғалды. Тараптар осы саладағы тәжірибелерімен бөлісті.

Екі мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әріптестіктің тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстар пысықталды.

Сонымен қатар қонсультациялар барысында қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері және әскери-техникалық екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттары қаралды

Бұдан басқа, 2020 жылы қаңтар айынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы лауазымына С.Засьтың кірісуіне байланысты Беларусь Республикасының төрағалығы шеңберінде осы халықаралық ұйымының басым бағыттары сөз болды.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты негізінде жалғаса бермек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT