Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстан мен Бельгия вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісті

2022 жылғы 6 мамыр 13:21

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ел аумағында Бельгия Корольдігінде берілген COVID-19 вакцинациясының паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын жарамды деп тану туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өз кезегінде Бельгия КВИ-ге қарсы вакцинация туралы Қазақстан сертификаттарын (Comirnaty (Pfizer-BioNTech), Sinopharm және CoronaVac (Sinovac) да мойындады.

Қазір Бельгияда Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналар (Modernа, Comirnaty (Pfizer-BioNTech), Janssen (Johnson&Johnson), AstraZeneca, Sinopharm, CoronaVac (Sinovac), Bharat Biotech (Covaxin), Covishield, Covovax, Nuvaxovid (Novavax) танылуда.

Бұдан былай Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің вакциналау паспорттарының иелері визалық режимді сақтай отырып, шектеу шараларынсыз (ПТР-тест және карантин) Бельгия мен Қазақстанға еркін саяхаттай алады.

«Бұл ҚР мен ЕО арасында еркін жүріп-тұру үшін шектеу шараларын алып тастауға қатысты тағы бір маңызды қадам», - деп атап өтті Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде.

Бұдан басқа, ҚР-да Аргентина, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, ҚХР Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония және Жапония елдерінің КВИ-ге қарсы паспорт/сертификат/анықтамалары жарамды деп танылған.


Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары