Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси консультация өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 қарашада Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтеді. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарады. Ал бельгиялық тараптан келіссөздерге Бельгия Сыртқы істер министрлігінің екіжақты істер жөніндегі бас директоры Аник Ван Калстер қатысады. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Бельгиядағы өзекті ішкі саяси жағдайды, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын, өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Брюссельге сапар аясында Роман Василенко Қазақстан мен Өзбекстанда Ауған қыздарын оқыту жөніндегі Еуроодақ бағдарламасының ұлықтау рәсіміне қатысады.

Сондай-ақ, еуропалық интеграциялық құрылымдар өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар