Қазақстан мен Бангладеш консулдық консультация өткізеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Бангладеш арасында бірінші консулдық консультация өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында алғашқы консулдық консультациялар өтеді. Қазақстандық тарапты ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Бангладеш делегациясын Шығыс Еуропа және ТМД елдері департаментінің бас директоры Сикдер Бодыразаман басқарады», - деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, тараптар дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге тез арада қол қою арқылы екіжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.


Соңғы жаңалықтар