Қазақстан мен Бахрейн арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық нығайтылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Бахрейн Корольдігі Ұлттық Жиналысы Депутаттар палатасының төрағасы Фаузия Абдулла Юсуф Зейналмен кездесті, деп хабарлайды Жоғары Палатаның баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева Қазақстан Бахрейнді дос және маңызды әріптес ретінде қарастырады және Корольдікпен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға басымдық беретінін атап өтті.

«Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланыстарды дамытуға үлес қосады деп үміт артамын. Парламенттік дипломатияға сенім зор», - деді Д.Назарбаева.

Фаузия Абдулла Юсуф Зейнал Сенат басшысының сөзіне қолдау білдірді және Қазақстан мен Бахрейннің терроризммен күрес және жанжалдарды бейбіт үнқатысу арқылы шешу сияқты аса маңызды бағыттар бойынша ұстанымдары өте жақын екенін атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Бахрейн арасындағы тікелей әуе қатынасы мен визасыз тәртіп мәселесін шешуге үміттенетінін жеткізді.

Дариға Назарбаева өз кезегінде осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру үшін екі елдің туристік агенттіктері қызметін үйлестіруді ұсынды. Сенат басшысы Қазақстанда көптеген тарихи және көркем жерлер бар екенін және туристік инфрақұрылым дамып келе жатқанын айта келіп, біздің еліміздің туризм әлеуетіне ерекше тоқталды.

Фаузия Абдулла Юсуф Зейнал біздің еліміздің әдемілігі мен ерекшелігін айта келіп, ең басты сұлулық – осында тұратын адамдар екенін атап өтті.

Бахрейн Корольдігі Ұлттық Жиналысының Депутаттар палатасының Төрағасы қысқа мерзім ішінде салынған және инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы толыққанды қалаға айналған астананың келбетіне таңданысын білдірді.

«Сіздердің Тұңғыш Президентіңіз шын мәнінде көреген және батыл тұлға екенін атап өткім келеді, себебі бұл оның арманы еді, қайсарлығы мен күш-жігерінің арқасында осы арманды жүзеге асырды. Сіздің халқыңыз – еркін өмір сүруді аңсайтын халық. Бұл ішкі деңгейдегі қана емес, әлемдік аренадағы теңдесі жоқ жеңіс», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар