Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады
2021 жылғы 3 қараша 15:21

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе рейстерінің саны артады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезекті отырыста Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы тұрақты әуе қатынасын арттыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметі.

2021 жылғы желтоқсаннан бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы («Эйр Астана» АҚ компаниялар тобы) Ақтау – Дубай және Шымкент – Шарджа бағыттарында 2 рейстен орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санын арттыру екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді.



Jańalyqtar

MURAǴAT