Қазақстан мен Әзербайжан СІМ Бакуде кездесті

None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен оның әзербайжандық әріптесі Халаф Халафов 16 наурызда Бакуде екіжақты саяси консультациялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Іс-шара аясында екіжақты Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы іс-шараларға дайындық барысын қарады.

Х. Халафов достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қағидаттарына негізделген Қазақстан-Әзербайжан қатынастарының табысты дамуын ерекше атап өтті. Өз кезегінде Е.Қоныспаев екі ел арасындағы қарым-қатынастардың оң динамикасын жоғары бағалады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, өзара сауданы сапалы арттырудың және бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.


Соңғы жаңалықтар