Қазақстан мен Әзербайжан көші-қон саласында келісім орнатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте «Қазақстан мен Әзербайжан үкіметтерінің көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, келісімге 2019 жылы 14 қазанда Баку қаласында қол қойылған. Ал Әзербайжан парламенті келісімді 2019 жылы 14 желтоқсанда бекіткен.

«Бұл құжат азаматтық туралы ақпарат алмасуға, заңсыз көші-қонмен күресуге мүмкіндік береді. Нақты айтсақ, статистика мен ақпарат алмасуға, азаматтар туралы жеке мәлімет алуға, тәжірибе алмасу, практикалық көмек көрсетуге, заңсыз көші-қон жолдарын жоюға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Әзербайжан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады», - деп түсіндірді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, 2018 жылы Қазақстанға Әзербайжаннан 50 мыңға жуық азамат келсе, 2019 жылы – 48 мыңнан асқан. Ал Қазақстаннан 2018 жылы 28 мың, 2019 жылы – 29 мың азамат Әзербайжанға барған. Ал өткен жылы пандемияға байланысты, келіп-кететін азаматтар саны 5 мыңға дейін азайған.

«Бүгінде Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімге қол қойды. Халықаралық деңгейде тағы 8 келісім әзірленуде. Осы келісімдер нәтижесінде заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу, адамдарды басқа елдерге қайтару, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі, қос азаматтыққа жол бермеу мәселелері шешілді», - дейді Е. Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар