Қазақстан мен Әзербайжан кеден саласындағы өзара әрекеттестік жоспарына қол қойды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін Баку қаласында «Әзербайжанның салық жүйесі: реалиялары мен болашағы» атты IV форум жұмысына қатысу аясында қазақстандық тарап ӘР-нің салық министрі Ф.Мәмедовпен кездесу өткізді.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин басқарған қазақстандық делегация ӘР салық министрі Фазиль Мәмедовпен кездесті. Жүздесуде Қазақстан мен Әзербайжанның салық қызметтерінің екіжақты ынтымақтастығының болашағы талқыланды.

Бұдан басқа, сапар аясында ӘР Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы А.Әлиевпен екіжақты кездесу өткізілді.

Кездесу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің арасында 2015-2016 жылдардағы екіжақты өзара әрекеттестік жоспарына қол қойылып, сондай-ақ кедендік әкімшелендіруді жетілдіру, қызметкерлердің біліктілігін арттырудың көкейкесті мәселелері талқыланды.

«Біздің Әзербайжанның кеден қызметімен достық өзара қатынасымыз жыл сайын күшейіп, жақсарып келеді және біз серіктестік қатынастардың дамуына жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз», - деп мәлімдеді кездесу барысында Д.Ерғожин.

Соңғы жаңалықтар