Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде «Әзірбайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады.

Осылайша, Әзербайжан әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай – ақ ағымдағы жылдың 11 наурызынан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерімен орындалатын болады.Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Соңғы жаңалықтар