Қазақстан мен Аустралияның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады

Фото: Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің финалистері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Мәдина Рахымның шәкірттері жартылай финалда Жапония командасына есе жіберді.

Ева Корышева 3 сағат 25 минутқа созылған аса тартысты бәсекеде қарсыласына 2:6, 7:5, 6:7 (4:7) есебімен жол берді. Екінші кездесуде Еркежан Жаңатаева да 2:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұған қарамастан, Қазақстан құрамасында әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік бар. Ол үшін ертең үшінші орын үшін бәсекеде Аустралия құрамасын жеңуі керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан жасөспірімдерінің іріктеу кезеңінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер жұптық сында Майами мастерс турнирін жеңіспен бастады.

Елена Рыбакина Майами мастерс жарысының үшінші айналымына өтті.

Елена Рыбакина жеке рекордына қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар