Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ-нен мәлім еткендей, телефон арқылы сөйлесі бастамасын Ауғанстан тарапы көтерген.

Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашағын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады.


Соңғы жаңалықтар