Қазақстан мен Албания қандай салада ынтымақтастықты дамыта алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Албанияның Еуропалық жəне сыртқы істер министрі Дитмир Бушатимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əңгімелесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай -күйі мен келешегін талқылап, қандайда бір саяси немесе өзге сипаттағы келіспеушіліктер жоқ екендігіне тоқталып өтті.  Құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы жəне туризм ынтымақтастықтың перспективалы салалары қатарында аталды.

«Біздің елдеріміздің арасында қандайда бір саяси немесе өзге сипаттағы келіспеушіліктер жоқ. Албания Премьер-Министрінің 2014 жылғы Қазақстанға сапарын жоғары бағалаймыз. Оның аясында достық және өзара ынтымақтастықты туралы декларацияға қол қойылған болатын. Әрине, сауда-экономикалық салада атқарар шаруа өте көп. Өйткені, бұл бағыттағы байланыстарымыз нашар, тауар айналымының көлемі төмен болып отыр», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.null   

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қақтығыстарды реттеудегі жеке үлесін, сонымен қатар таяуда «Astana Club"  отырысында жария еткен бастамаларын атап өтті.

Г.Əбдіқалықова албан делегациясын Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалғанын, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі бар екені жөнінде хабардар етті. Қазақстанның Doing Business-2018 рейтингі бойынша 28-орын алып отырғанын айтты.null

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы албандық серіктестерді Назарбаев Университеті жанындағы «Астана Бизнес-Кампус» ғылыми паркі аумағынан ғылыми-зерттеу институтын ашу жұмысы бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырды.null

Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы Албанияның Еуропалық жəне сыртқы істер министрі Дитмир Бушатиге екіжақты ынтымақтастықтың одан əрі жалғасын табуы жолында табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар