Қазақстан мен АҚШ ветеринария мамандарын оқыту мәселесін талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан және АҚШ Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және АҚШ мемлекетінің уәкілетті органы телеконференция өткізді, онда мал шаруашылығындағы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланған.


«Америка елінің өкілдері қауіпті ауруларды анықтау және диагностикалау дағдыларын арттыру үшін ветеринарлық мамандарды оқытуды қарастыратын «Биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы» аясында ынтымақтастықты ұсынды. Атап айтқанда, ветеринария мамандары мен малшыларды оқыту, ветеринариялық бейіндегі оқу бағдарламаларын және кәсіби лицензиялау жүйелерін әзірлеу, тұрақты даму бойынша семинарлар өткізу, аса қауіпті патогендерден туындаған ауруды анықтау және диагностикалау бойынша оқу материалдарын жаңарту және тарату мәселелері талқыланды», делінген хабарламада.


Сонымен қатар, АҚШ тарапы қазақстандық мал өсірушілерге ДДҰ/ХЭБ/ФАО-мен үшжақты ынтымақтастық негізінде аса қауіпті патогендер бойынша есептілікті анықтау, диагностикалау және ұйымдастыру үшін «Бірыңғай ұлттық денсаулық» құрылымын әзірлеуге және институт қалыптастыруға жәрдем көрсетуге дайын.


Соңғы жаңалықтар