Қазақстан мен АҚШ сыртқы саясат ведомстволарының басшылары ынтымақтастық перспективасын талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен қос ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, телефон арқылы сұхбат Америка тарапының бастамасымен өтті.

«Келіссөздер барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетудің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті проблематиканы талқылады.

М.Тілеуберді 2022 жылғы 20 қарашада өткен президент сайлауының қорытындысы жөнінде Э.Блинкенді егжей-тегжейлі хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық реформаларын Вашингтонның қолдайтынын растаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі үшін алғыс айтты», - делінген СІМ мәліметінде.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар