Қазақстан мен АҚШ энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық серіктестік бойынша арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Вашингтонда ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші Джейк Салливанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Құрама штаттар мен Қазақстан БҰҰ Жарғысы қағидаларын, оның ішінде барлық мемлекеттің егемендігі мен аумағының тұтастығын қолдайтынын растады.
Сондай-ақ тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті және энергетикалық қауіпсіздік сияқты негізгі екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша ынтымақтастықты талқылады. Америкалық тарап АҚШ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін жақсарту жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын атап өтті.
Ертең қазақстандық және америкалық делегация өкілдері Адам құқықтары мен демократиялық реформа бойынша комиссияның екінші отырысын өткізеді.
Еске сала кетейік, бірінші кездесу 2022 жылдың сәуірінде Астанада болған. Тараптар азаматтық қоғам, дін еркіндігі, сот жүйесін нығайту мен Қазақстанда саяси реформа жүргізу сынды ауқымды мәселелерді талқылаған болатын.


Соңғы жаңалықтар