Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалаудың тиімді шешімдерін қолдануда - Вэнг Тат Хуэй

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалаудың тиімді шешімдерін қолдануда, деп есептейді Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің деканы Вэнг Тат Хуэй.

«Қазақстан халықаралық тәжірибелерді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік қызметті реформалаудың өте тиімді шешімдерін қолдануда. Мемлекеттік саясат мектебі аталған реформаларды жіті қадағалауда және оның іске асыруда белсенді үлес қосуға тырысады. Біз Мемлекеттік қызмет министрлігімен бірге бұл үрдіске өзіміздің үлесімізді қосып та келеміз», - деп атап өтті ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебі халықаралық серіктестерімен бірге түрлі семинарлар өткізіп, Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласын реформалау бағытындағы ең озық әлемдік тәжірибелерді жинақтауға өзінің септігін тигізген.

«Бізде Сингапурда стратегиялық серіктесіміз бар. Ол мектеп - мемлекеттік қызмет саласында реформалауда жаһандық көшбасшы атанған болатын. Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебі АҚШ, Сингапур, ЭӘДҰ елдерімен бірлесіп кадрларды басқару, кандидаттарды іріктеу және оларды дамыту бағытында талқылаулар мен семинарлар ұйымдастыру арқылы осы іске үлес қосты», - деді Вэнг Тат Хуэй.

Соңғы жаңалықтар